Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған
Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Парламент Мәжілісінің депутаты Линник Андрей Григорьевич міндетін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабы, Парламент пен оның депутаттарының материясы туралы, Конституциялық заңның 44-бабы, 3-8 тармақтарына сәйкес, депутат Андрей Линниктің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізілді, - деді Мәжілістің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Айта кетейік, Андрей Линник 2021 жылғы қаңтардан бастап Мәжіліс депутаты болған.