Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда «Кибер-шериф» жүйесі іске қосылды

Жаңа құрылғы автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады

 Динара Амантай 01.09.2022 | 13:38
Маңғыстауда «Кибер-шериф» жүйесі іске қосылды
Фото: Halyq Uni

Маңғыстауда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Кибер-шериф» жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми ақпараттық порталық хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері жоғары: үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады. Қазіргі уақытта бұл құрылғы өңірде қалыпты деңгейде жұмыс істейді, олар жол жүру ережелерін бұзатын жүргізушілерді мемлекеттік тіркеу белгілерін тани отырып, инспекторды одан әрі хабардар етеді, іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексеріп, оларды тіркейді және бейнеге жазады.

Адам факторын алып тастау – осы құрылғы тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Толық автоматтандыру барлық деректерді серверге жылдам сақтауға, өңдеуге және жіберуге, бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге «Кибер-шериф» көлік құралының іздеуде екендігін лезде анықтауға мүмкіндік беретіні белгілі болды. Бұған қоса бүйірлік камералар жаяу жүргіншілердің тұлғаларын сот пен тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамдар базасымен автоматты түрде салыстыра отырып, оларды бірден таниды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама