Halyq Uni логотип
×

Президент Ұлттық қор табысының тең жартысын балалар шотына аударуды ұсынды

«Самұрық-Қазына» қоры пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударады

 Халық үні 01.09.2022 | 12:03
Президент Ұлттық қор табысының тең жартысын балалар шотына аударуды ұсынды
Halyq Uni

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың шотына аударуды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жастар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың арнайы жинақтаушы шотына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын, – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, кәмелетке толғанға дейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді.

«Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүддесіне қызмет етеді. Осы ауқымды бастаманы мұқият пысықтау қажет екенін ескеріп, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», –  деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударады.

«Бұл жаңа Қазақстанның сипатына сай келетін маңызды бастама. Сонымен қатар табысы мол кәсіпкерлер мен азаматтар қорға демеушілік ете береді деп сенемін», –  деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама