Президент: Осылай жалғаса берсе, кадрлық шешім қабылдауға тура келеді
Мемлекет басшысы жанармай мен қант тапшылығы мәселесін көтерді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің нақты шешімді баяу қимылдайтынын айтты, хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетпейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл орынды. Сондықтан дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», - деді президент қазақстандықтарға жолдауында.
Сонымен қатар мемлекет басшысы елімізе электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57%-ы және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозғанын айтты.
«Тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру желіден ажыратуға, авария және салдарынан азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Монополиялық нарықтарда «инвестицияға айырбастау тарифі» саясатына көшу қажет. Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға қысқарту қажет», - деді мемлекет басшысы.