Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Ұлттық қордың қаржысы қайда жұмсалатынын айтты

Президент бюджет кодексін қабылдау қажет деген пікірде

 Халық үні 01.09.2022 | 11:26
Тоқаев Ұлттық қордың қаржысы қайда жұмсалатынын айтты
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бюджет саласына реформа жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Айтуынша, бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітіледі. Оны бюджетті орындау кезінде міндетті түрде ұстану қажет.

«Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет екенін айтты.

«Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс. Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деді президент.

Президенттің айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр.

«Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылғанды жүзеге асыру үшін жаңа бюджет кодексін қабылдау қажет», - деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама