Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақстандық актриса елге оралды

Халық үні

Бұл туралы қыз әлеуметтік желіде хабарлады.

Фото: instagram.com/https://www.instagram.com/anel.bermaganbet

Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова елге оралды. Бұл туралы қыз әлеуметтік желіде хабарлады.

Мен үйдемін, менің Қазақстаным, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, 21 тамызда қазақстандық Анель Бермағанбетова Лаос мемлекетінде еңбек құлдығында екенін мәлімдеген еді. Қыздың ісін Ішкі істер министрлігі тергеді

Анель Бермағанбетова 2021 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан «Офис за чертой» қазақстандық қорқынышты фильмінде басты рөлді сомдады.