×

«Намыссыздықтың биік шыңы!»: қазақша мәтінді дұрыс оқи алмаған Қорғаныс министрі сынға ілікті

Министрдің сөйлеген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

 Халық үні 31.08.2022 | 21:50
Фото: inbusiness.kz

Әскери қызметшілерді Конституция күнімен құттықтаған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қағазға жазылған қазақша мәтінді дұрыс оқи алмай, көпшіліктің сынына ілікті.

Министрдің сөйлеген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Жазбада Руслан Жақсылықов әскерилер алдында сөз сөйлеп, Конституция күнімен құттықтаған. Алайда жиынға қатысушылар министрдің айтқанын толық түсінді деп айту қиын.

Ведомство басшысы кей сөздерді тілі келмей, ежіктеп оқыған. Бұл жайт желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. «Ұят-ай», «Тілді қорлау», «Әскербасының мына әрекеті намыссыздықтың нағыз биік шыңы» деген пікірлер жазылған. Кей адамдар «Негізі жақсы адам, тіл білмейтіні қолбайлау боп жүр» деген ой айтыпты.

Бұған дейін белгілі журналист Ербол Мәндібек Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты сарбаздар өлімінің жиілеуіне байланысты өз еркімен отставкаға кетуге шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама