Halyq Uni логотип
×

Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы алынып тасталады: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәліметті жоққа шығарып, ресми түсініктеме берді.

 Халық үні 31.08.2022 | 20:36
Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы алынып тасталады: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
Фото: syr-media.kz

Әлеуметтік желілерде жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдерге берілетін қосымша төлем алынып тасталатыны жайлы ақпарат тарады.

Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәліметті жоққа шығарып, ресми түсініктеме берді.

Осындай шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып жатқандар бар. Қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді. Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі, сәйкесінше лауазымдық жалақыға байланысты төлемдер де пропорционалды түрде өседі, - деді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің аттестациясына бірқатар өзгерістер енгізілетінін хабарлады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама