×

Компанияны рейдерлік жолмен басып алу ісі: 9 миллион доллар, 154 жылжымайын мүлік және 19 көлік тәркіленді

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.

 Халық үні 31.08.2022 | 19:15
Фото: tengrinews.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды.

14 шілдеде Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашевке халықаралық іздеу жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда есімі аталған азаматтардан $9 млн жуық қаражат, зергерлік бұйымдар тәркіленді, - делінген хабарламада.

Күдіктілер мен өзге тұлғалардан 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатқанын мәлім етті.

Осыған орай, Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз, - деді агенттік өкілдері.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама