Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.
Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза тапты. Оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалған.
27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.
28 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуынаа байланысты көңіл айтты.