×

ҚМА Болат Назарбаевтың көмекшісінің ісіне қатысты тың деректі жариялады

Шығын көлемі 18 млрд теңгеден асты

 Динара Амантай 31.08.2022 | 15:16
Фото: news.rambler.ua

Бірқатар компанияларды рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, биыл 14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Бұған қоса Қоспаев, Шалин және Имашевке халықаралық іздеу жарияланды.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушілерге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражат болды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық қаражаты, зергерлік бұйымдары тәркіленді алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты адамдардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама