Енді профессорлар 435 мың теңге жалақы алады
Бұрын олар 267 мың теңге алған
Қазақстанда мәдениет және өнер саласындағы ЖОО оқытушылардың жалақысы өсті. Бұл туралы МСМ Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, 3 жылдық бюджет бекітілген.
Нәтижесінде үкіметтің қолдауымен оқытушылардың еңбекақысы 70%-ға өсті. Мысалы, бұрын 13-16 жыл еңбек өтілі бар профессордың айлығы 267 мың теңге болған. Бүгінде біз 3,5 коэффициентті пайдаландық. Нәтижесінде олардың жалақысы 435 мың теңгеге өсті. Орташа есеппен алғанда, еңбекақының көлемі бұдан да жоғары болады..., - деді комитет төрайымы ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Роза Кәрібжанова доценттер мен оқытушылардың жалақысына тоқталды.
«Осыған дейін доценттер 243 мың теңге жалақысы алса, қазір оның көлемін 430 мың теңгеге дейін өсті. Университеттегі оқытушылардың жалақысы 350 мың теңгеге өсті. Бұл өзгерістер мәдениет саласын дамытуға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз», - деді басшы.