×

Тоқаев Түркістан облысының жаңа әкімін тағайындады

Ол бұған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарды

 Халық үні 31.08.2022 | 11:42
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Президент Жарлығымен Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланды.

Содан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Өмірзақ Шөкеевтің тәжірибелі маман екенін айтып, оның қабылдаған шешімін өте дұрыс деп санайтынын жеткізді.

2022 жылдың 13 шілдесінде Түркістан облысы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Содан кейін Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеді. 

Мақажанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Елімізде басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық түрде бекітілген. Соған сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасары, өңір әкімі мен олардың орынбасары, аудан әкіміне тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық жасаса, отставкаға кетуге өтініш беруге міндетті. Ал отставканы қабылдап-қабылдамауды президент шешеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама