×

КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев қайтыс болды

Горбачев жақында бүйрек ауруымен ауырып, емделіп жатқан болатын

 Халық үні 31.08.2022 | 04:20
фото: ria.ru

КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев ұзаққа созылған аурудан кейін 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Ресей Федерациясының Орталық клиникалық ауруханасы. 

Михаил Сергеевич Горбачев ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін бүгін кешке қайтыс болды, - деп хабарлады Орталық клиникалық ауруханадан.

Михаил Горбачев жақында бүйрек ауруымен ауырып, емделіп жатқан болатын. Бұл туралы 2022 жылдың маусымында Горбачев қорының баспасөз хатшысы Владимир Поляков хабарлады. Ол ауруды Горбачевтің жасымен байланыстырып, емдеудің бірнеше жылға созылғанын хабарлаған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама