Павлодар тұрғыны 4 адамды өртеніп жатқан көліктен аман алып шықты
Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр
Павлодар облысында ер адам өртеніп жатқан көліктен төрт адамды құтқарып қалды.
Маралды ауылының 42 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жүзбаев өртеніп жатқан көліктен екі адамды өзі шығарды. Тағы екеуін құтқаруға куәгерлердің бірі көмектескен.
Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр. Төрт адамның біреуі комада, екеуі ауыр халде. Оқиға 26 тамызда Павлодар – Шарбақты тас жолында, Маралды ауылының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік КамАЗ тіркемесімен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін көлік бірден отқа оранды.
Instagram-ға түскен кадрларда тек отқа оранған көлік көрінеді, одан бірнеше метр жерде адамдар шөпте жатыр, келесі кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккендерге көмектесуде.