«Сирияға кеткендердің қаны мойныңда...»: Мұхамеджан Тазабек өміріндегі ең үлкен өтірік жайлы (ВИДЕО)

Халық үні

Ол бұл туралы жаңа сұхбатында айтты

фото: tengrinews.kz

Айтыскер ақын, Тәлім TV арнасының директоры Мұхамеджан Тазабек өзіне қатысты айтылған өміріндегі ең үлкен өтірік жайлы айтты. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде журналист Айша Кеңесбайға берген сұхбатында айтты, деп жазды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, өзіне ондаған өтірік айтылған. Ең үлкені Сирияға жастарды жібердің дегені. 

Жастарды Сирияға насихаттап, солардың қаны мойныңда дегені - ең үлкен өтірік. Алланың әділдігіне тапсырдым. Қазақтың баласы сүрінбесін деп жүргенде, қазақтың баласын қан майданға жібердің дегені өтірік. Жаныңа ауыр тиеді, - деді ол.