Halyq Uni логотип
×

Головкин жекпе-жекті жеңіспен ғана аяқтайтынын айтты

Боксшының карьерасы «Канеломен» кездесуден кейін белгілі болады

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2022 | 18:56
Головкин жекпе-жекті жеңіспен ғана аяқтайтынын айтты
фото: ашық дереккөз

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен трилогиясы алдында болашағына қатысты мәлімдеме жасады.

Алдағы жекпе-жектен кейін нақты шешім қабылдаймын. Егер де белбеулерді өзімде қалдыру мүмкіндігі болса, орта салмаққа оралып белбеулерді біріктіру айқасын өткіземін. Әлі бұлай ешкім жасамаған. Болашақта қолғап түйістіруім немесе карьерамды аяқтауым сол кезде белгілі болады, - деді Головкин Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама