Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында жүк пойызына жармасқан екі баланың біреуі қайтыс болды

2015 жылғы бала алған жарақат салдарынан көз жұмды

 Халық үні 30.08.2022 | 16:08
Жамбыл облысында жүк пойызына жармасқан екі баланың біреуі қайтыс болды
Фото: ашық дереккөздерден

Талас ауданының орталық аудандық ауруханасы 7 жасар баланың өлімі растады.

«Ауруханаға келген кезде екі балаға да бас-ми жарақаты және түрлі дене жарақатымен түскен.  2015 жылы туған бала көз жұмды. Екінші баланың жағдайы орташа, қазір хирургия бөлімінде жатыр», - дейді Талас аудандық  орталық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.

Әзірге дәрігерлер екінші баланың денсаулығы бойынша ешқандай болжам айтпады.

Бұған дейін Жамбыл облысында әкесіне бармақшы болған екі бала жүк пойызына жармасқаны туралы жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай, балалар Қаратау ауылында аналарымен тұрады екен. Олар 29 тамызда Тамды ауылында әжелерінің үйінде қонақта болған. Қараусыз қалған жеткіншектер көрші ауылда тұратын әкелеріне барғылары келеді. Балалардың ата-анасы ажырасқан. Екі ұл Тамды бекетінде жүк пйызының соңғы вагонына жармасып, мініп алады. Пойыз қарқын алып қозғала бастағанда үрейлері ұшып, Жұма станциясына жақындай бергенде секіріп кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама