×

Астанада Дариға Назарбаева Айсұлтан Рахаттың кубогының иегерін марапаттады

Енді AR cup 2022 турнирі жылда өткізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2022 | 15:59
фото: видеодан кадр

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Дариға Назарбаева «Астана-Арена» стадионында футболдан балалар арасында өткен AR cup 2022 кубогының иегері мен жүлдегерлерін марапаттады.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Биыл AR cup 2022 кубогы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Рахатты еске түсіру үшін алғаш рет өткізілді. Турнирді ұйымдастырушы экс-футболист Максим Жалмағамбетовтың айтуынша, жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіле береді.

Биылғы турнирге еліміздің жер-жерінен 150-ден астам бала қатысты. Кубокты астананың клубы жеңіп алды. Екінші орынды Қарағандының «Шахтер» командасы, ал үшінші орынды Алматының «Қайрат» жасағы иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама