СҚО-да тұрғындар жолдарды өз күшімен жөндуге кірісті

Халық үні

Тұрғындар ұсақ қиыршық тас, цемент сатып алып, жолды жамауға кірісті

Фото: ашық дереккөздерден

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында Целинная көшесінің тұрғындары уәде етілген жол жөндеу жұмыстарын күтпестен, өз күштерімен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.

Бидайық көшелері Кеңес Одағынан бері жөндеу көрмеген. Қазір бұл көшелердегі жолсыздық тұрғындардың басты проблемасына айналған. Бидайықтағы жолдарды жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайын. Аудан басшылығы мен ауылдық округ әкімдігі жөндеу жұмыстары басталғалы жатыр деп уәде берсе де, жұмыстар әлі басталар емес.

Бидайық көшелерін жөндеуге 336 миллион теңге бөлінген. Орташа жөндеу жұмыстары Воронежская, Гагарин, Жапарова, Целинная, Карла Маркс, Мирная, Одесская және Полтавская көшелеріне жоспарланған. Алайда, әзірге жарияланған тендерлердің ешқайсысы өтпеді.