Halyq Uni логотип
×

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды

«Бәйтерек» холдингі директорларының құрамы жаңарды

 Халық үні 09.02.2022 | 18:35
Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Оны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады.

Холдинг баспасөз қызметінің мәліметінше, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңмен және холдинг жарғысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі жалғыз акционер және директорлар кеңесі холдинг қызметіне басшылық етеді.

Енді директорлар кеңесінің құрамы мынадай:

  • директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр Әлихан Смайылов;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Клаус Мангольд;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Томас Миров;
  • директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Филип Йео.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама