Halyq Uni логотип
×

Елордадағы Mega Silk Way-де жас әйел қайтыс болды

29 жастағы тұрғын жедел жәрдем келгенше қайтыс болды

 Халық үні 23.11.2021 | 11:37
Елордадағы Mega Silk Way-де жас әйел қайтыс болды
фото: stepline.kz

Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way ойын-сауық сауда орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.

22 қараша күні кешкі уақытта жедел жәрдем қызметіне Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында әйелдің есінен танып қалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден жедел жәрдемнің мамандары аттанды. Бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, 29 жастағы келіншек кенеттен есінен танып қалған. Одан кейін қалтырай бастаған.

Әйел есінен танып қалғаннан кейін куәгерлер медициналық бекеттің қызметкерлерін шақырып, реанимациялық шаралар жасап көрген. Бірақ одан нәтиже шықпады, - дейді басқарма мамандары.     

Серіктес жаңалықтары

Сараптама