Мемлекет басшысы бұл күннің мән-маңызы айрықша екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысты өз пікірін Тwitter-дегі парақшасында жазды.
Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін – ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. 2009 жылдың 30 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған.