Маңғыстауда үздік ауыл әкімі анықталды
Іріктеуде үміткерлердің жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланды
Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсының өңірлік жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Маңғыстау облысында өткізілген өңірлік конкурстың жеңімпазы болып Қарақия ауданы Құланды ауылының әкімі Санат Төкенов танылды.
Конкурстың өңірлік кезеңінде үміткерлердің ауылдық округті дамытуға бағытталған жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланды.
Еске сала кетсек, өңірлерде «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының I кезеңі өткізіліп жатыр.
Бұл конкурстың мақсаты жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.