Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
Азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді
30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,— деп ескертеді комитеттегілер.