Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның бірден 3 боксшысы әлемдік рейтингтің ТОП-ондығына кірді

Бұл рейтингке ең көп өкіл тек біздің елден еніп отыр

 Динара Амантай 28.08.2022 | 10:11
Қазақстанның бірден 3 боксшысы әлемдік рейтингтің ТОП-ондығына кірді
Фото: olympic.kz

Boxrec.com сайты Америка өкілі Деметриус Андраде ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақ рейтингінің ТОП-ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы кірді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO-нің толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы сегізінші, Нұрсұлтанов тоғызыншы орынды иеленді.

Айта кетсек, Қазақстан – ТОП-ондыққа бірден үш боксышысы енген жалғыз ел. Өзге елдерден алғашқы ондыққа тек бір ғана боксшыдан кірген: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Аустралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанғанын жазған едік. Боксшыны бұл жетістігімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Кейін Әлімханұлы төрт салмақта әлем чемпионы атануға Мемлекет басшысына уәде берді. Енді ол өз дивизионындағы басты қарсыласы - WBC белдігінің иегері Джермаллу Чарлоны (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақырып отыр.

Ал Геннадий Головкин алдағы 17 қыркүйекте Сауль-Канело Альвареспен айқасына дайындық үстінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама