Halyq Uni логотип
×

Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер жергілікті кәсіпкерлердің табысын тартып ала бастады - журналист

Журналист Қазақстанға келген ресейліктер қазақстандықтарды жұмыссыз қалдырып, нанын тартып ала бастады деп есептейді.

 Халық үні 28.08.2022 | 08:24
Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер жергілікті кәсіпкерлердің табысын тартып ала бастады - журналист
© pexels.com/Sora Shimazaki

Белгілі журналист Ораз Әлімбеков Қазақстанға көшіп келіп жатқан ресейліктер жергілікті кәсіпкерлерді табысынан айырып жатыр деп есептейді.

Айтуынша, Украинада соғыс басталғалы Еуропаның кейбір елдері Ресей азаматтарының ешбіріне виза бермеуді, оларды еліне кіргізбеудің қамын жасап жатыр. Әсіресе, Ресеймен шектесетін елдер орыстардан қатты қауіптенеді.

Ал бізде қалай? Ресейден қашқандарға шектеу қою былай тұрсын, Қазақстанға келген Ресей азаматтарына ЖСН (ИНН) беріп, олардың осында емін-еркін жұмыс істеп, кәсібін дөңгелетуге барлық мүмкіндік берілген. Басқасын айтпағанда, Қазақстанға келген ресейліктер қазақстандықтарды жұмыссыз қалдырып, нанын тартып ала бастады. Соғыс басталғалы алғашқы үш айда (науырыз, сәуір, мамыр) 570 мың ресейлік Қазақстанға қоныс аударыпты... Яғни, олардың саны қазір милллионға жақындап қалды...

Сонда ресейліктерді еліне кіргізбеудің амалын жасап жатқан Еуропа елдері ақымақ па әлде қашқан-пысқанды құшақ жайып күтіп алып жатқан Қазақстан ақымақ па?, - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама