×

Ақмола облысында жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі күйінде табылды

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі ағынды судың шұңқырынан табылды

 Халық үні 28.08.2022 | 06:28
Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысында алты жасар бала шұңқырға құлап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы жағдай 26 тамызда Қосшы қаласында болған. Сағат 21:30 шамасында Қосшы қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан екі сағат бұрын 6 жасар ұлының аулада ойнауға кетіп, сол күйі үйіне оралмағаны туралы хабар түскен.

Аталған мекенжайға бірден полиция басқармасының басшылығы, жеке құрам және жедел-тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі ағынды судың шұңқырынан (септик) табылды, - делінген хабарламада.

Оқиғаны тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама