Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкентте полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
26 маусымда 102 арнасына жедел жәрдем қызметкерлерінен қаладағы пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тіркелді.
Әйелдің азаматтық некедегі күйеуі, 38 жастағы ер адам күдікке ілінді. Ол келіншегін өлтірген түні қашып кеткен. Күдіктіні іздеуге жеке құрамның барлық жедел тобы жұмылдырылды. Алайда ол тиісті нәтиже бермеді. Бір айдан кейін мамандандырылған соттың шешімімен оған халықаралық іздеу жарияланды.
27 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жасалған ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін мұғалім неке түні күйеуінің қолынан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.