Қазақстандық боксшы аралас жекпе-жекте 67 секундта жеңіске жетті
Райымбек Асан қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты
Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 34 турнирінде қазақстандық Райымбек Асан (1:0) мен тәжік боксшысы Әли Шоев (1:1) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланды. Нәтижесінде Асан қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Қазақстандыққа ол үшін 67 секунд жеткілікті болды.
Осылайша, Райымбек Асан кәсіпқой ММА мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Әли Шоев екінші рет жеңіліп қалды.