Halyq Uni логотип
×

Мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестация тестінен босатылады - Аймағамбетов

Мұғалім тек портфолиосын тапсырады

 Халық үні 27.08.2022 | 21:50
Мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестация тестінен босатылады - Аймағамбетов
Фото: aikyn.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестация тестінен босатылатынын мәлімдеді.

Бізде 30 жыл еңбек өтілі бар әріптестеріміз бар. Олар бізден «30 жыл жұмыс істедік, қандай жеңілдіктер болады» деп сұрайды. Қазір тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуге дайындалып жатырмыз. 30 жыл мектепте жұмыс істеу – нағыз ерлік. 30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық. Мұғалім тек портфолиосын тапсырады. Біз 30 жыл бойы жұмыс істеп келген мұғалімге сенуіміз керек. Оларды үлкен стреске апармай, екінші кезеңнен ғана өтуге мүмкіндік беріп отырмыз,  –  деді министр.

Сондай-ақ министр мұғалімдер енді күніне екі-ақ құжатты тапсыратынын айтты. 

Бізде күнделікті ойға сыймайтын қаншама құжаттар болатын. Қазір тиісті заңнаманы қабылдадық. Күніне мұғалім тек қана екі құжат тапсыруы керек. Бұл – өзінің күнделікті жоспары. Сондай-ақ бағаны электрондық журналға қояды. Болды, мұғалімнен басқа ешқандай құжат талап етпеуі керек, – дейді министр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама