Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады

Халық үні

Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді.

Фото: dknews.kz

30 тамыз - Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.