×

Президент сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бірікті

Екеуі де бір жұмысты атқарып келген

 Динара Амантай 27.08.2022 | 12:32
Коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріктіріліп, біртұтас автожол компаниясы болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Жобада «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы «Казахавтодор» ЖШС-ындағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылды. Атап айтқанда, аталған компаниялар облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіріледі және қайталанатын функциялар қысқартылады.

Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді, – деп атап өтті мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазавтожолдың» экс-басшысы Ұлан Әліп Жол агенттігін құру қажеттігі туралы айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама