Титулдың бұрынғы иегері жекпе-жектен бас тартты
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми қаулысына сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы болды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Мен – әлем чемпионымын! Мен – WBO нұсқасы бойынша чемпион атанған алғашқы қазақпын. Бұл – тарих! Мен өте бақыттымын, Құдайға шүкір! Әлхамдулилла! – деп жазды чемпион ағылшын тілінде.
Айта кетсек, титулдың бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартты. Оның орнына америкалық екінші орташа салмаққа өтіп, британдық Зак Паркермен «уақытша» WBO белбеуі үшін айқасуға шешім қабылдады. Ұйым мұндай жекпе-жекке рұқсат беріп, тараптарға келіссөз жүргізуге уақыт берді.
Осылайша, WBO ережелері бойынша Жәнібек Әлімханұлы «уақытша» чемпионнан орта салмақта WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін алды.