Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA турнирінің жартылай финалына шықты
Енді Анна Данилина мен Александра Крунич жарыстың бірінші ракеткаларымен кездеседі
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың төртінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен А.Крунич ширек финалда жапониялық Мию Катомен және индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты. Есеп – 6:2. Екінші сетте жапониялық-индонезиялық дуэт тай-брейкте сәтті ойнады. Есеп – 7:6 (7:4). Супер тай-брейкте Данилина мен Крунич жеңісті жұлып әкетті. Есеп – 10:7.
Енді Анна мен Александра финалға шығу үшін турнирдің бірінші ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчиковамен және Катерина Синяковамен кезедеседі.
Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шыға алмады. Ол испаниялық Фернандо Вердаскодан жеңіліп қалды. Есеп – 6:7 (4:7), 3:6. Енді Ф.Вердаско ресейлік Павел Котовты жеңсе, негізгі турнирге өтеді.
Бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысында жеңіліп қалды.