Боксшылардың айқасының төрешілері ресми бекітілді
Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді.
Бұл туралы BoxingScene.com. хабарлады.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» шаршы алаңында өтеді.
Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасында Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) пен Дэвид Сазерлэнд (Оклахома) отырады. Олардың бәрі АҚШ штаттарының өкілдері.
Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі кездесуінде төреші болған. Біріншісінде ол 115:113 есебін қазақстандық боксшы жеңді деген шешім шығарған, ал екінші жекпе-жекте осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды.
Вайсфельд те Головкин мен «Канелоның» екінші айқасында қазылық еткен. Ол кездесуде мексикалық 115:113 есебімен жеңді деп жеңісті соған берген болатын.