Бірнеше қаржы пирамидасымен 17 мың қазақстандықты алдағандар сотталды
Келтірілген шығын 30 миллиард теңгеден асады
Ақтөбе қаласының №2 соты «Гарант 24», «Жеңілдетілген несие», «ESTATE Lombard» қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары мен олардың мүшелеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар 18 жылға, қалғандары 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деді Ақтөбе облысы бойынша ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.
Айта кетсек, қылмыстық іс 2021 жылдың маусым айында сотқа жіберілген. Қылмыскерлер 17 мың қазақстандықты алдаған. Келтірілген шығын 30 миллиардтан астам теңгені құрады.