Halyq Uni логотип
×

Оқушыға үлкен өлшемді мектеп формасын берген директор жауапқа тартылды

Баланың киімі ауыстырылып берілді

 Динара Амантай 26.08.2022 | 15:46
Оқушыға үлкен өлшемді мектеп формасын берген директор жауапқа тартылды
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында оқушыға үлкен размердегі мектеп формасын берген мектеп директорына қатысты тәртіптік шара қолданылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп формасының шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді. Осы жайтқа байланысты Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме беріп, бұған жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланғанын жеткізді.

Кербұлақ ауданы Нұрым ауылының 4-сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді. Болған жағдайға жол берген мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда 1-сынып оқушысына ересек адамның киімі берілгені туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама