×

2 жасар қызды құтқарған жігітке екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Сыйлық демеушілердің көмегімен алынды

 Динара Амантай 26.08.2022 | 15:14
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2 жастағы сәбиді кәріз құдығынан алып шыққан Арман Аманжоловқа демеушілер көмегімен пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы тарапынан азаматтарымыздың мұндай ерекше батыл қимылдарын елеусіз қалдырмай, өзгелерге үлгі ету туралы ұстанымы аясында бүгін Арман батырға, оның ата-анасына барша Сыр елінің атынан зор ризашылығымызды білдіремін. Бүгінде аймағымызда жомарт жүректі жанашыр азаматтар жетерлік. Сол демеушілердің атынан бүгінгі бейбіт күннің батыры болған бозбалаға баспана кілтін табыс етеміз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетсек, Арман Аманжолов Арал ауданы, Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген, 5 ағайынды, үйінің кенжесі. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арман тереңдігі 4 метрлік кәріз құдығына құлаған бүлдіршінді құтқарып қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама