Талдықорғанда 50 жастағы әйел ер адамды пышақтап өлтірді

Динара Амантай

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Талдықорғанда кісі өліміне күдікті 50 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 тамыз күні кешкі уақытта қаладағы пәтерлердің бірінде 36 жастағы ер-азаматтың мәйіті табылды. Кісі өліміне күдікті ретінде 50 жастағы әйел ұсталды. Күдіктінің бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Ауыр қылмыстың ішімдік пайдаланылған отырыс барысында орын алғаны анықталды. Кісі өлтіру қаруы ретінде қолданылған кәдімгі ас үй пышағы қылмыстық іс материалдарына тігілді. Күдікті деп танылған әйел қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.