×

Жетісай базарының жартысы жанып кетті

500-ге жуық саудагер базар әкімшілігінен келтірілген шығынды өтеп беруді талап етіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 26.08.2022 | 13:31
фото: kazgazeta.kz

Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті. Бүгін түнгі сағат 3 шамасында басталған өрт таң атқанша жанған. Куәгерлердің айуынша, одан базардың 80 пайыздай жері жанып кетіпті.

Негізінен сауда қатарларының тығыз орналасқан жері, маталар мен киім-кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған. Жалын тек таң атқанда сөндірілді.

ТЖД өкілдері шамамен мың шаршы метрдей аумақтың жанып кеткенін мәлімдеді. Оны сөндіруге 16 өрт сөндіру техникасы мен 50-ге жуық маман жұмылдырылған.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір 500-ге жуық саудагер базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығынды өтеп беруді талап етіп жатыр. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап тұр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиғаның себебін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тапсырма берді. Қазір өртке байланысты құрылған арнайы комиссия алдымен зардап шеккендердің санын анықтау, материалдық залалды бағалау жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Арнайы қор да құрылатын болды. Әзірге кәсіпкерлерге сол қордан көмек беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама