Бір аптада көкөністер арзандаған
Биыл 16-23 тамыз аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,1%-ға өсті. Бұл соңғы 12 аптадағы ең төменгі мән (мамырдың соңынан бастап) болып саналады, деп жазды Telegram-дағы Data Hub арнасы.
Жалпы динамикаға көкөністер бағасының төмендеуі әсер еткен:
Қазақстан бойынша картоп бағасы орташа есеппен 0,8%-ға төмендеген;
Бір аптада күріш (солтүстікте баға өскен, плюс 1,4%) күнбағыс майы (плюс 0,9%, оңтүстік өңірлер), қарақұмық және макарон өнімдері (рожки) (плюс 0,8%, бағаның өсімі батыс өңірлерде тіркелді), - деп жазылған хабарламада.