Астана мен Алматыдағы көшелерге Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілуі мүмкін
Мемлекет және қоғам қайраткеріне өзі оқыған мектепке де есімі беріледі
Белгілі журналист, публицист, өнер зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлы астана мен Алматыдағы көшелерге мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілуі мүмкін екенін айтты.
Ол осы хабарды әлеуметтік желіде жеткізді.
Қадірлі достар! Сіздерді қуантайын. Бүгін 1414 арқылы хат келді. Алматы қаласының әкімдігінің өткенде өздеріңізге айтқан хатқа жауабы бар. Жауапта «болмайды» деген сөз жоқ. Соған қарағанда Алтынбек арыстың да атында құдай қаласа, көше болады. Дәл сондай хат-жауап Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен де келді. Тағы бір ауызша айтылған жақсы хабар - Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі өзі оқыған мектепке берілетін болыпты!, – деді ол.
Сонымен бірге ол Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған кітаптың да құрастырылып жатқанын айтты.