Ресейде солдат пен офицер 2 039 758 адамға жетті
Ресейде әскер саны 137 мыңға адамға көбейеді. Тиісті жарлыққа РФ президенті Владимир Путин қол қойды.
Бұл туралы «Новости» агенттігі хабарлады.
Жаңа құжат 2023 жылы күшіне енеді. Енді әскер саны 2 039 758 адам болады. Соның ішінде 1 150 628 әскери қызметкер бар.
2017 жылғы 17 қарашада шыққан жарлыққа сәйкес, Ресей әскерінде 1 902 758 солдат пен офицер, соның ішінде 1 013 628 әскери қызметкер болған.
Енді Қорғаныс министрлігіне жарлықты орындау үшін қосымша қаржы бөлінеді.