Ер адам Түркістан облысындағы 76 мұғалімнің жалақысын ұрлап алған
Жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам зиян келтірілген
Шымкентте алаяқ Шардара ауданының мұғалімдерінің жалақысын ұрлап алған, деп хабарлады Otyrar.kz.
Киберқылмыскер өз құрбандарын 1С бухгалтерлік бағдарламасы арқылы тапқан. 76 мұғалімнің жалақысын ер адам өз есеп-шотына аударып алып, кейін оны құмар ойынға жұмсаған.
Алаяқ Алматыда ұсталды. Оның қалтасынан 1,5 миллион теңге қолма-қол ақша тәркіленді.
Күдіктіге ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша айып тағылды. 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сот үкімі күшіне енген жоқ. Сондықтан 12 миллион теңгені жұмсауға дер кезінде тоқтау салынды.Жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам зиян келтірілген, – деді Шардара ауданы прокуроры Руслан Әбдіраимов.
Алаяқтың анасы полицейлерге хабарласып, 1,3 миллион теңге қайтарып беріп, ұлы бергенін айтқан. Мұғалімдер ақшаларын жартылай алды, қалған шығынды алаяқ өзі өтейтін болады.