Halyq Uni логотип
×

Рудныйда тұрғын үйдің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен

 Халық үні 25.08.2022 | 19:30
Рудныйда тұрғын үйдің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Фото: turkystan.kz

Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 24 тамызда болған.

Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама