Атырауда халықаралық шахмат жарысының жеңімпаздары анықталды
Фестивальдің жүлдеқоры 13 млн теңгеден асады
Атырауда халықаралық шахмат жарысында кімдердің жеңіске жеткені белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Жарысқа әлемнің 9 елінен 300-ге жуық ойыншы қатысты. Фестивальде 3 турнирдің жеңімпаздары анықталды.
Atyrau Open-де әйелдер арасында Екатерина Борисова (1-орын) Назерке Нұрғали (2-орын), Алуа Нұрманова (3-орын), ерлер арасында Тимур Гареев (1-орын), Арсений Нестеров (2-орын), Сергей Тивьяков (3-орын) жеңімпаз атанды. Ардагерлер арасында Әзидолла Хамиев (1-орын), Есей Хусайынов (2-орын), Айтқали Ізбасаров (3-орын) топ жарды.
Atyrau Juniors турнирінде 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша жүлделі орындар берілді.
Блиц-турнирде Павел Понкратов, Фаррух Амонатов және Сергей Тивьяков жеңіске жетті.
Батырхан Шеруен және Әмірәлі Абзал есімді шахматшылар Қазақстан-Британ техникалық университетінің арнайы грантына ие болды.
Фестивальдің ең жас қатысушысы 4 жасар Қайрат Абдул-Мәліке 200 мың теңгенің сертификаты берілді.
Жарыстың жабылу салтанатында сөз сөйлеген Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жеңімпаздарды құттықтады, ал шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасоваға қатысушыларға алғыс айтты.