Қазір тағы 3 миллиард долларға жуық ірі әскери көмек пакетін дайындап жатыр
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер 2021 жылдың қаңтарынан бері АҚШ Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсеткенін мәлімдеді.
Біз Украинаға қауіпсіздік саласына көмек ретінде шамамен 13,6 миллиард доллар бөлгенімізді хабарладық. Жағдайды түсіндіру үшін айта кетейін, Байден әкімшілігінің қызметі басталғаннан бері, яғни 2021 жылғы қаңтардан бастап бұрын-соңды болмаған сомада көмек көрсетілді. Бұл – Украинаның жылдық әскери бюджетінен шамамен үш есе көп, – дейді Жан-Пьер.
Одан бөлек, жақында АҚШ-тың Украина үшін тағы 3 миллиард долларға жуық ірі әскери көмек пакетін дайындап жатқаны белгілі болды.
Ал биылғы маусым айында АҚШ Киевке зымыран жүйелері мен оқ-дәрілерді қамтитын әрі құны 700 миллион долларға жететін кезекті көмек пакетін бөлген болатын.