Былтыр Қосшы ауылы қала мәртебесін алған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласының сот органын құру туралы жарлыққа қол қойды.
Президент жарлығында Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалатыны да жазылған:
Динара Мединова Ақмола облысының Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Мұрат Халмурзаев Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Қосшы сотының судьясы болып тағайындалды.
2021 жылдың шілдесінде Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала мәртебесін алды. 2022 жылдың қаңтарында Қосшы қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды.