Кипрда ВИЧ-тың жаңа штамы анықталды
Бүгінде вирус 14 адамнан табылған
Кипр университетінің ғалымдары адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ВИЧ) бірінші түрінің жаңа рекомбинантты штамын анықтады, деп жазады Phileleftheros газеті.
Lenta.ru мәліметінше, АИТВ-ның жаңа штамы CRF91_cpx деп аталады.
Жаңа рекомбинантты штамның геномы АИТВ-1-дің 4 бөлігінен тұрады: CRF02_AG, G, J және U.
Кипрлық биологтар вирусты АҚШ-тағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында анықтаған.
Ларнакедағы ЖИТС-ті (СПИД) емдеумен айналысатын клиника мамандары да вирустың жаңа түрлерін зерттеуге қатысқан.
АИТВ-ның жаңа штамы Кипр аралында тұратын 14 адамнан анықталды.
«CRF91_cpx штамы негізінен ерлермен жыныстық қатынасқа түскен кипрлық ерлерден табылды», - дейді ғалымдар.
Айта кетейік, биыл әлемде төртінші адам АИТВ-дан жазылған еді. Ол бағаналы жасушаларды трансплантациялау және кіндік қанын құю әдісі арқылы емделген болатын.